«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі

Колледжге түсу

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Біздің колледжімізде сіз қоршаған ортаны сүюді,

адамдарды құрметтеуді,

уақыттың қадірін білуді,

өзіңізді танисыз!

Бұл жерде адамдарға жақсылық жасауға дайын,

мемлекетіміз бен қоғамның игілігі үшін қызмет етеін – болашақ Мұғалімдер білім алады.

Құжат қабылдау:                             2018 жылдың 1 маусымынан 22 тамызға дейін

Түсу емтихандары:                         23 тамыз 2018 жыл

 

«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі келесі мамандықтар бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асырады:

11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

– 0111063  «Өзін-өзі тану мұғалімі»

– 0105013  «Бастауыш сынып мұғалімі»

– 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі»

9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай

– 0105023  «Информатикадан бастауыш білім беру мұғалімі»

– 0105033  «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

Оқыту түрі

Колледжде оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқыту түрі: күндізгі.

Колледжде оқуға жасалған жағдайлар:

-байқау негізінде тегін оқу

(ҚР ҒБМ және Алматы облысы әкімінің гранттары);

-ақылы негізде.

Оқуға түсу:

Түсу емтихандары кешенді тестілеу түрінде өткізіледі:

– жалпы орта білім негізінде төмендегі пәндер бойынша:

Қазақ (орыс) тілі;

Қазақстан тарихы;

Мамандықтың бейіндік пәні.

Мамандық бойынша бейіндік пәндер:

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» – биология.

0105000 «Бастауыш білім»-   математика.

0111000 «Негізгі орта білім» – математика.

0105023 «Информатикадан бастауыш білім беру мұғалімі» – математика.

0105033« Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» – математика.

Студенттерге жатақхана беріледі.

Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Жеке куәлік (көшірме) / Туу туралы куәлік (көшірме), СТН (көшірме);
  • Негізгі орта білім туралы аттестат/ орта білім туралы аттестат – түпнұсқа)

(ҰБТ сертификаты немесе КТ сертификаты);

  • Мекен-жай анықтамасы;
  • Тіркеу куәлігінің көшірмесі (жасөспірімдер үшін);
  • Бала денсаулығы паспорты;
  • Медициналық анықтама 086-У, флюорография түсірілімі; №063 форма (I және II топ мүгедектері мен бала жасынан мүгедектер үшін – медициналық- әлеуметтік сараптама қорытындысы, отбасының әлеуметтік жағдайы туралы анықтама);
  • 3×4 көлеміндегі сурет (6 дана);
  • Мінездеме.

Алматы қ., «Дарын-1» ықшамауданы,

Асқаров көшесі, 47 үй

Анықтама телефондары: 247-25-77.

http://www.bobek.kz/