Біз, «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің инженерлік-педагогикалық коллективі және студенттері келесі ұстанымды ұстанамыз:

«Біз қандай іс-әрекет жасасақ та әлемде мейірімділіктің саны
артуы үшін жасаймыз!»

 

Сондықтан да, жасампаз іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды
жоспарлаудың сапалы орындалғанын,
нәтижелі болғанын және
басқаларға қуаныш сыйлағанын
біз өзіміздің жетістіктеріміз ретінде айтамыз!

 

Біздің ойымызша, басты жетістік –
қоғамға қажетті және қоғам үшін пайдалы болу.
Қайырымды іс жаса- бұл жетістік,
әлемге шаттық сыйла – бұл жетістік,
оқуда тамаша нәтижеге жетуге тырыс – бұл жетістік,
ән шырқа, би биле, басқаларға қуаныш сыйла – бұл жетістік!

 

Біздің әрқайсымыз үйлесімді дамыған тұлға,
кемел мінезді адам болуға,
ой, сөз, іс бірлігімен өмір сүруге тиістіміз!