Алақай, жазғы демалыс!

05.06.2019

Кел, балалар, ойнайық,
Қызығына шомылып,
Ойынға  бір тоймайық.

Саясында Бөбектің,
Әннен қалып қоймайық!

«Өзін-өзі тану»  оқу-сауықтыру кешенінің базасында «Бөбек» жазғы демалыс және сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу кеші өтті. Мерекелік шарада балалар  тәрбиешілермен  және  аға тәлімгерлермен танысты, ән шырқап, мың бұралып би биледі. Алғашқы күннен-ақ қылығы тәтті балғындар ән-би үйірмесінен үйренген өнерлерін сахнада көрсетті. 12 күнге созылатын демалыста балаларды  қызықты күндер күтуде…